» » » ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСТАУЫ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСТАУЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен біз де таныстық.
Цифрлық және басқа да инновациялық жобаларды әзірлеушілердің өз жүйесін дамытуы аса маңызды. Бұл бағытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүйелі қадамдар жасалуда. Атап айтар болсақ, университет білім беруде Назарбаев Университеті тәжірибесін жоспарлы енгізуде. Оқу орнында IT саласының мамандары жасаған  «E-Univer» атты автоматтандырылған жүйесі жұмыс істеуде. Бұл жүйеде ректор, құрылым басшыларының блогтары, деканат, кафедра, оқытушы, студент ақпараттық жүйелері, электрондық кітапхана, электрондық құжат айналым, талапкер, ашық білім беру ресурстары және мемлекеттік онлайн қызмет көрсету жүйелері толық қамтылған.  Сондай-ақ, университет базасында  жүзеге асыру орталығы жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл орталықта білім алушылардың  14 инновациялық жобалары жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде университеттің білім алушыларының идеяларын толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ІТ бағыты бойынша білім  алушылар үшін шетелдік профессорлар, ғылым докторлары дәріс беріп, практикалық сабақ өтуде.  Университетімізде CISCO желілік академиясы ашылып, профессор-оқытушылары мен білім алушылары ақылы негізде академияның курстарын оқуды бастап кетті.
Мемлекет басшысы әркез жастардың білім алуына айрықша қолдау білдіріп келеді. Біздің алдымызда заман талабына сай озық ойлы маман болып қалыптасу міндеті тұр.
Аружан ҚАЛДАН,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің III курс студенті.
01 ақпан 2018 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031