» » Дастан АЙТБАЙ; ІТ маман: Мен вируспен күресемін

Дастан АЙТБАЙ; ІТ маман: Мен вируспен күресемін

Әлеуметтік желіде вирус тарататын сілтеме өте көп. Оларға қарсы антивирус жасалғанымен, көп ұзамай оны жойып жіберетін өзге вирус пайда болатыны баршаға аян. Осы мәселенің шешімін тапқан Дастан Айтбай вирусқа қарсы қорғаныс жобасын ойлап тапты. Жобаның мақсатын білмек болып, Дастанмен сұқбаттастық
– Алматы қаласында өткен сайыста «Кафка» жобасын қорғадыңыз. Жобаның ерекшелігі неде?
– Көктемде «Alma you management university» ұйымдастыруымен өткен сайыста «Кафка» атты ақпараттық технология саласында өзекті тақырыпты талдап, аталған жобаны өзіндік жүйеге келтіру жайлы ұсыныс тастаған едім. Сөйтіп, ақпараттық қауіпсіздікті сақтаудың жаңа формасын құрастырдық. Франц Кафка есімді жазушының өмірлік ұстанымын негізге алып, жобамды «Кафка» деп атадым. Жобаның басты ерекшелігі – хакердің өзіне дәл сол шабуыл тізбегін кері қайтарып, өзін әлсіз етуінде. Яғни, жіберілген вирус бұрынғы «ұясына» барып, арқалап келген жүгі арқылы өзін-өзі жойып жібереді. Мысалы, «вк», «инстаграм» секілді мессенджерді бұзып қайта қалпына келтіруге болады. Жобаны келешекте дамытып, түрлі вирустың таралуына кедергі келтірмекпін.
– Бұл салаға қызығушылығыңыз қалай оянды?
– «Қорғаныс-утопия» яғни, елес тәрізді. Бұрын қорғаныс дегенге сенбейтін едім. Ақпараттық технология ғана емес, жалпы, өмірде де солай. Осы ойымды өзгерткен IT саласы болғандықтан, қызығушылығым оянды. Зерттей келе, болашағымды осы саламен байланыстырамын деп шештім.
– Вирус адамды өзіне арбайды деп жатамыз, қаншалықты рас?
– Әрине, «Уou tube» немесе өзге де сайтты ашсаңыз жарнамаға толы екенін көресіз. Іздеген зат өзі-ақ алдымыздан шыға келеді. Бұның бәрі трояндық вирус екенін аңғара бермейміз. Бұл вирустық тізбек адамнан қаражат алу мақсатында қолданылады. Мұндай вирустан құтылуға, оны көрмеуге тырысыңыз. Бір рет байқамай ашқанның өзінде, ұялы телефонның немесе компьютердің жұмысын баяулатады.
– Компьютер, веб-сайтты хакерлік шабуылдан қорғауда қандай тіл қауіпсіз?
– Шетел жаңалықтарына мән берсек, хакерлер 2 млрд. АҚШ долларын ұрлапты немесе ЦРУ базасына шабуыл жасалды дегенді жиі естиміз. Мұның барлығы АҚШ-та хакерлік жүйе жақсы дамығанын аңғартады. Десе де сайттың жұмысына кедергі келтіру немесе жою  ол өнер емес, нағыз қылмыс. Тіпті өзге елде хакерге сайтты бұзғаны үшін 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Біздің жас мемлекетіміз мұндай дәрежеге жеткен жоқ. Өйткені бізде мықты хакерлер жоқтың қасы. Ал біздің мақсат – аталған хакерлік қылмысқа қарсы тұру. Осы тұста «C++sharp» тілінде бағдарлама негізінде сайт жасаған абзал. Өйткені бұл тіл қауіпсіз әрі қиын тілдің бірі.
– Мәскеуде бірнеше жыл білім алдыңыз? Қандай тәжірибесі көңілден шықты?
 – Мәскеуде жан-жақтан келген студент көп. IT мамандарының шоғырланған орны десе де болады. Ағылшын, неміс және орыспен бірлесе жұмыс істедік. Әр елдің өзіндік ерекшелігі мен ұтымды идеясы бар. Олармен тәжірибе алмасудың өзі бір бақыт. Ең мықты деген жүйемен жұмыс жасауға болатынына көз жеткіздім. 20 миллион халқы бар бұл қалада ақпараттық шабуыл күнде орын алады. Осыған орай біз де сағат сайын жаңа тәжірибе жинауға күш салдық.
– Сұқбатыңызға рақмет.
Сұқбаттасқан: А.Қаржаубайқызы
02 тамыз 2018 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031