» » "ШАБДАЛЫ" КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

"ШАБДАЛЫ" КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ


Белгілі жырау Алмас Алматовтың «Шабдалы» әңгімесінің негізінде түсірілген көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Түсірілімі Жетісайда басталып, Шымкент пен Түркістанда жалғасқан туынды идеясының авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек, режиссері – Жандос Құсайынов.
«Шабдалы» фильміндегі негізгі оқиға 2000 жылдары болған. Табысты заңгер болуды армандаған Астанадағы жоғары оқу орнының студенті оқу бітірген соң анасына ескертпей, Жетісайдың азаматына тұрмысқа шығады. Бойжеткеннің анасы бұл әрекетке аса қуана қоймайды, себебі қызының мансап құрып, жоғары қызметте істейтінінен үмітті еді. Әйел қолынан келгеннің барлығын жасап, қызын үйге қайтарудың амалын жасайды.
Жерлесіміз Алмас Алматовқа бұл әңгімені марқұм анасы айтып берген екен. Әңгіме кейіпкері – қызылордалық қыз. Айта кетейік, «Шабдалы» әңгімесі өткен жылы біздің газетте жарияланып, оқырманның жылы бағасын алған еді. Кеше көркем фильмді тамашалауға жиналған көрерменнің көптігі соншалық кинотеатрда бос орын болмады. Қызылордалықтар көркем фильмнен жақсы әсер алғанын айтуда.
Айта кету керек, фильмге Шолпан Елгезекова, Дархан Манақов, Айдана Қызылқұлова, Жарас Ахметов, Абай Аязбаев және т.б. артистер түскен.
02 тамыз 2018 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930