ПРЕЗИДЕНТТЕР 500 АҚСЕРКЕ БАЛЫҒЫН ТЕҢІЗГЕ ЖІБЕРДІ
Қазақстан Президенті бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен, Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханимен, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ақтау қаласының теңіз жағалауы арқылы өтетін жаңа нысан – «Жартас жолын» аралап көрді. Бұл көрікті жерде петроглифтер бейнелеген, сондай-ақ мұнда жаяу жүргіншілерге арналған орындар, теңіз көрінісін тамашалауға арналған алаңдар мен табиғи үңгір орналасқан. Бұдан кейін Мемлекеттер басшылары бірлесіп, қолдан өсірілген 500 ақсерке балығын теңізге жіберді. Сонымен қатар елдер көшбасшылары шығыс ертегілерінің желісіндегі театрландырылған би қойылымын тамашалады.