Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек
ALTUN SANDYG
Мағжан Жұмабаев:
Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.
- Байғұс қазақ бас көтеріп, тұрар ма?
- Көңілі түсіп, білім мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма? - Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі.
- Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.
- Тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығар.
- Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы – асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.
- Білімдінің сөзі – ем, мейірімі көп, өзі кең!
- Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
- Тіл – адам жанының тілмашы.
- Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.
- Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
- Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.
- Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.