» » Біз және цифрлық технология

Біз және цифрлық технология

   Цифрлы байланысты арналармен және технологиялық бағдарламалармен жабдықталған коммуникация қоғамды түбегейлі өзгертеді. Оның әсер ету аймағы мен жылдамдығы – адамзат тарихындағы басқа өнеркәсіптік революцияларға ұқсамайтын ерекше өзгерістер алып келеді. Осы орайда біздің цифрлық технологияға қатысуымыз, импланттық технология, цифрлық көру (vision) жаңа интерфейс, смарт интернет, интернеттегі бұйымдар мен бұйымдар интернеті жайлы деректерді ұсынамыз.
Импланттық технологиялар
Құрылғылармен жарақталған адамдар саны күн өткен сайын өсіп келеді, оның үстіне құрылғылар денеге қондырылған. Құрылғыны өзіңмен бірге алып қана жүрмейсің, ол ағзаға имплантталады, сөйтіп сол адаммен байланыс қызметін, оның қайда жүргенін және жүріс-тұрысын анықтаумен қатар денсаулығын қадағалау міндетін де атқарады. Бұған дейін жүрек соғысын реттеуші, тағы басқа сырттан әсер етуші құрылғылар осы үрдістің бастамасы ғана болатын. Бұл құрылғылар аурудың алдын алуға, өз кезегінде адамдарға қажетті шараларға ертерек кірісуге, сырқат деректерін мониторинг орталықтарына жіберуге немесе қандай дәрі-дәрмек қолдану қажеттігін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Тері астына жазылған «ақылды» таңба-суреттер мен басқа да оңтайлы чиптер бірегейлендірумен қатар әркімнің орналасқан жерін анықтауға көмектесе алады. Дененің ішіне имплантталатын құрылғылар, сондай-ақ кіріктірілген смартфондар әдеттегі сөздерді және ми толқындары мен басқа да белгілерді оқу арқылы айтылмаған ойлар мен көңіл-күйді анықтауға көмектеседі. Айта кету керек, коммерциялық негізде жасалған алғашқы имплантталған ұялы телефон аталған технологияға бетбұрысты сәт болды.
Ескеретін жағдай: емдеу тиімдлігін арттырып, балалардың жоғалуын азайтып, шешімдер қабылдауды жеңілдеткенмен, жеке өмірге
біреудің араласуы адамды мезі етеді, тіпті мұндай тәуелділіктен жүйке-психикалық аурулар асқынуы мүмкін.
Цифрлық көру (vision) жаңа интерфейс ретінде
Көзілдірік, көзілдірік оптикасы/гарнитура және көз қозғалысын басқару құрылғылары рухани дүниеге айнала бастаған кезде Google Glass көзді және көздің көру қабілетін интернет желісіне қосатын мүмкіндіктердің алғашқысы болуы мүмкін.
Интернет желісіндегі деректер мен анықтамаларға тікелей қосылатын жағдай туғанда цифрлық көздің көмегімен адамның мүмкіндіктерін кеңейтуге, қолдауға немесе айтарлықтай күшейтуге, сөйтіп басқа иммерсивті (нақты қатысу әсерін қамтамасыз ететін) ортамен байланысқа шығуға мүмкіндік береді. Одан басқа көздің қозғалысын қадағалау технологиясының дамуын есепке ала отырып, құрылғыға нақты интерфейстер арқылы ақпарат беруге болады. Ал көз – ақпаратпен қарым-қатынас жасауда және оған әсер етуде негізгі қайнаркөз қызметін атқарады.
Цифрлық көруді негізгі интерфейске айналдыра отырып, нұсқаулық беру, нақтылау және өзара қарым-қатынасты реттеу арқылы оқу ісін жандандыруға, ыңғайлауға, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, тауар өндірісі мен қызмет көрсетуге, ойын-сауық және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, олардың қоршаған ортамен байланысына көмектесуге болады. 
Смарт интернет
Технологиялар уақыт өткен сайын дербестенуде. Компьютерлер әуел баста үлкен бөлмелерде, кейіннен үстелдің үстінде, кейін тізеде тұратын еді. Бүгінде осы технологиялар қалтада жүретін ұялы телефондардан орын алғанымен, енді олар тікелей киімге немесе аксессуарлардың ішіне салынады.
2015 жылы шығарылған AppleWatch сағаты интернетке қосылған және смартфонның көптеген қажетті мүмкіндігін қамтиды. Адамдардың киіп жүрген киімдерінде және басқа да жабдықтарда осы затты немесе оның иесін интернет желісіне қосатын кіріктірілген чиптер бар.
Mimo Baby компаниясы баланың жағдайын бақылайтын киім-кешек жасап шығарды. Ол баланың тыныс алуы, қалай жатқаны, белсенділігі мен ұйқысы туралы деректерді планшетіңізде немесе смартфоныңызда көрсетеді. Осы жүйені жақтаушылар: «Баланың жақсы ұйықтауына сенсорлар көмектеседі» десе, сынаушылар: «Ата-ана күтімін қайдағы бір сенсорлар алмастыра алмайды» дейді. 
Ал, Ральф Лорен дене жаттығуы кезінде бөлінетін тердің мөлшерін, жүрек соғысын, тыныс алу жиілігін, тағы басқа деректерді анықтауға көмектесетін спорттық жейде тігіп шығарды.

Интернетті бұйымдар және бұйымдар интернеті
Экономикалық тұрғыдан қарағанда есептеу қуатын үздіксіз арттырып және ақпараттық құралдардың бағасын төмендетіп, барлық дүниені интернет желісіне қосуға жағдай бар. «Ақылды» сенсорлар қазірдің өзінде бәсекелік бағада сатылуда. Барлық заттар «ақылды» болады және интернет желісіне қосылады. Бұл қызметтердің мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.
Жақында адам денсаулығы мен жануарлардың жүріс-тұрысын бақылау үшін сенсорларды пайдалану туралы зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында ірі қара малға қосылған сенсорлар олардың бір бірімен ұялы байланыс арқылы қалай үйірлесетінін, сондай-ақ нақты бір уақыт аралығында және кез келген жерден жануарлардың жағдайы туралы деректер алатынын айқын көрсетіп берді.
Сарапшылар болашақта әр бұйымды байланыстың бірыңғай инфрақұрылымына қосуға болатынын айтады, сөйтіп жаппай сенсорға айналған бұл бұйымдар адамдарға қоршаған ортаны толық сезінуге мүмкіндік береді.
2020 жылға қарай елу миллиардтан аса құрылғы интернет желісіне қосылады деп жоспарлануда. BMW компаниясының деректеріне қарағанда, былтыр жеңіл автокөліктердің 8%-ы (немесе 84 млн бірлік) интернет желісіне қосылған екен. 2020 жылға қарай бұл сан 22% (немесе 290 млн) автокөлікке дейін өседі. Aetna сияқты сақтандыру компаниялары, егер сіз аяқ астынан ауырып қалған жағдайда, кілемге қойылған сенсорлар қалай көмектесетінін ойластыруда. Бұл сенсорлар адамның жүрісіндегі кез келген өзгерістерді анықтап, физиотерапевт дәрігерді шақырта алады.
Желіге қосылған үй
ХХ ғасырда үйге қосылатын энергия тікелей жеке тұтыну (жарықтандыру) үшін қолданылатын. Алайда уақыт өте келе, осы мақсаттарға пайдаланылатын энергия көлемі тостер мен ыдыс жуу машиналарын, теледидар мен салқындатқыш сияқты күрделі құрылғыларды іске қосу барысында бұрынғыдан әлдеқайда асып түсті. Интернет те осы жолмен дамып келеді: қазіргі кезде үйге қосылатын интернет трафигі жеке тұтынумен қоса байланыс және ойын-сауық үшін де қолданылады. Сондай-ақ үй шаруашылығын автоматтандыру ісі де қарқынды дамып келеді. Жарық түсіруді, көлеңкелеуді, желдетуді, салқындатуды, аудио-бейнеконтентті, қауіпсіздік жүйелері мен үй аспаптарын басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл қосымша көмектер роботтар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, шаңсорғыш роботтармен.
Nest компаниясы мен Mercedes Benz компаниясының серіктестігі мынаны көрсетеді: сіз үйге барар алдында үйіңіз жылы болып тұру үшін автокөлігіңіз Nest компаниясына жылыту температурасын көтеруге алдын ала нұсқау беріп қояды... Уақыт өте келе, Nest сияқты орталықтар сіздің үйіңізге не керегін алдын ала түсініп және анықтап, бәрін автоматты түрде жүзеге асырады.
Әзірлеген Ж.САҒИДА
16 тамыз 2018 ж. 2 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031