Сенат төрағасын қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысына Парламенттің жоғары палатасының VI шақырылымының үшінші сессиясындағы негізгі қорытындылар мен алдағы сессияда қарастырылатын заң жобаларының жоспары баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаттары салық, кедендік реттеу, бюджеттік басқару және басқа да салаларға қатысты 84 заң қабылдағанын мәлімдеді. Қазақстан Президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі Конвенцияны ратификациялауға байланысты өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Бесінші саммитінің нәтижелеріне арнайы тоқталды. «Бес мемлекеттің басшылары 20 жыл бойы талқылаған Каспий теңізінің конвенциясына қол қойды. Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын одан әрі дамытуға, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету және туризм салаларын ілгерілетуге септігін тигізетін бұл шешімнің зор маңызын бүкіл халықаралық сарапшылар атап көрсетуде, – деді Мемлекет басшысы.