» » Сенат депутаттары Жалағаш ауданында

Сенат депутаттары Жалағаш ауданында

  Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Қайыпұлы мен Мұрат Бақтиярұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келіп, бірқатар нысандарды аралады.
Ең алдымен халық қалаулылары Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінде болып, колледждің тыныс-тіршілігімен танысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы «Төртінші өнекәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасынан» туындайтын тапсырмалар, еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстар және еліміздің әлеуметтік экономикалық өрлеуін көздейтін стратегиялық бағдарламаларды іске асырудың заңнамалық негіздері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  
Содан соң, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің, Жалағаш аудандық амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық аурухананың, Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің жұмыстарымен танысып, Бұқарбай батыр ауылындағы «Байтабын» ЖШС-нің егіс алқабында болды.
22 тамыз 2018 ж. 836 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031