» » Мобилді мешіт

Мобилді мешіт

    Жапония 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жүргізуде. Қазір мұсылмандарға қолайлы жағдай жасау үшін елдегі спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыру компанияларының бірі дөңгелек мешіт жобасын ойлап тапты.
Компания директоры Асухару Иноуенің айтуынша, Жапония үшін мешіт санының аздығы 2020 жылы үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Себебі олимпиада ойынына әлем елдерінде, оның ішінде мұсылман мемлекетінен мыңдаған адам келеді. Ал мобилді мешіт жобасы осы жағдайдың оңтайлы шешімі болмақ. Стадион маңында спортшылар мен мұсылман көрермендердің құлшылығын уақытылы жасауына мүмкіндік береді. Бірінші мобилді мешіт қазірдің өзінде Тайота стадионы маңына келіп тұрады. 25 тонналық көліктің ұзындығы – 48 метр. Онда 50 адам намаз оқуына болады.
23 тамыз 2018 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031