ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРДЫ

Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабына сай, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген компьютерлік клуб анықталып, әкімшілік меңгерушісіне хаттама толтырылса, осы компьютерлік клубқа түнгі мезгілде заңды өкілісіз ойын-сауық мекемесіне кіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлімімен 2 жасөспірімге 7215 теңгеден айыппұл салынды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлімімен заңды өкілдерінсіз тұрғын-жайдан тыс жерлерде сағат 23:00-ден кейін жүргені үшін кәмелетке толмаған 9 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.
Рейд барысында қаңғыбастыққа салынған және ата-анасының қадағалауынсыз қалған кәмелетке толмаған 3 жеткеншек бейімдеу орталығына орналастырылды. Аталмыш шара айдың аяғына дейін жалғасады.