» » Дайындық пысықталды

Дайындық пысықталды

   Өткен аптада қаладағы «Мұрагер» мектебінде  қалалық білім бөлімінің ұйымдастырумен алдағы оқу жылына байланысты бірқатар мәселе талқыланды. Арнайы мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері,  кәсіпкерлер мен медбикелер қатысқан басқосуда 2018-2019 оқу жылына дайындық, оның ішінде оқулықпен қамту, мектепке жол акциясы, ағымдағы жөндеу жұмыстары мен жылу мәселесі қозғалды. Сонымен қатар мектеп асханаларына қойылатын талаптар, өрт қауіпсіздігі, санитарлық қағидалар жайлы баяндамалар тыңдалды.
Білім бөлімінің мәліметінше алдағы жылды 1 қыркүйекте қаладағы 54 мектеп 59127 оқушымен бастайды. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 4125 оқушыға артқан. Оның ішінде бірінші сыныптың өзіне 7500-ден аса бала келеді деп күтілуде.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 3,6,8 сыныптардағы оқулық пен әдістемелік құралдар толығымен жаңартылуда. Мектептерді оқулықпен толық қамтамасыз етуде қажетті қаржы бөлініп, баспалармен келісім-шарт жасалған. Сонымен қатар, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы дәстүрлі түрде кеңінен аталып өтеді. Қазіргі күні 7000-нан аса балаға 120 млн теңгеге қамқорлық жасау қарастырылған.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары да биылғы бюджет есебінен 10 мектепте жүргізілуде. Бұдан бөлек, орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытатын 51 білім мекемесінде құрылғыларды тазалау жұмыстарына 4 миллионнан аса қаржы бөлініп, ай соңына дейін бұл жұмыстар толық бітеді. Сонымен бірге, қаладағы жанармаймен жылытатын 7 мектепті газға ауыстыру мақсатында жобалық құжат дайындалуда.
Жиында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы А.Шуақбаева және эпидемиологиялық қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Әбжамиева тағамнан улануға қатысты ішек ауруларының туындауы, алдын алу шаралары мен мектеп асханаларына қойылатын талаптар жайлы сөз қозғап, сұрақтарға жауап берді. Өз кезегінде төтенше жағдайлар басқармасынан келген басшы орынбасары  Ғ.Бабаев барлық білім беру мекемесіндегі өрт қауіпсіздік шараларына тоқталып, бірқатар ұсыныс-пікір айтты. Мектептегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жайлы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің санитарлық-гигиеналық бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Қалкөзова да өз ойын ортаға салды.
Ержан БЕКМЫРЗАҰЛЫ
23 тамыз 2018 ж. 1 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031