Құрбан айт

Redaktor bagany
    Айт мерекесі десе, жарықтық, Бейімбет Майлиннің «Айт күндері» деген бала кезде оқыған әңгімесі еріксіз еске түседі. – Айт құтты болсын!
– Айтсын, жақсылығы бірге болсын!
– Жыл он екі айда бір келген, жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар... – деп басталады. «...Ауыл адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Бәрі де киінген. Жүздерінде әлденедей бір қуаныштың белгісі бар. Жер-ошақ біткеннің көбінде асылған қазан, ақ көбігі бұрқылдап, семіз ет қайнап жатыр... Ауылдың орта жеріндегі бір үйдің алдында үйме-жүйме болған кісі. Ішінде кәрілеу кемпірлер, бірен-саран шалдау адамдар да бар. Біреуі пышақ қайрап, бір жігіт семіздеу қызыл өгізді ұстап тұр. Шеттен келген адам:
 – Құрбандық қабыл болсын – дейді.
– Әмин, айтқаның келсін, – дейді шалдар.
– Неғып кеш қалып жатырсыңдар?
– Малдың табылғаны-ақ осы болды... шетінен ұстап соятын бұрынғы дәуір қайда...». Бұл сонау 1921-22 жылдарда ұзаққа созылған қарсыз, құрғақ қыс жауынсыз жазға ұласып, қазақ даласын ашаршылық нәубеті жайлаған кездері жазылған әңгіме ғой. Сол жылдардағы қазақ даласының айт күніне де жеттік-ау деп жабырқаған жүзіне қуаныш ұялаған сәтін үш эпизод арқылы қолмен қойғандай қып суреттейді жазушы. Ауыл ортасында семіз өгізді құрбандыққа шалған кісілер, әредікте тысқа шығып, бой сергіткен келіншектер, терлеп-тепшіп үйінің көлеңкесінде ақ текесін сойып жатқан Молдағали, ауылдан оңаша, томардың жел жағындағы қара жамылған үш қара үй, құрбандық малдан үлеске жүректің құлағы ғана тиген орта жастағы еркек...
Айтатын несі бар, қоңыртөбел тіршілік. Біреу ілгері, біреу кейін – өмірдің өз көрінісі ғой. Біреу құрбандыққа шалуға мал іздейді, біреу шалған құрбандықтан бізге де үлес тиіп, бала-шағамыздың аузы қызылға бір тисе екен дейді. Осының бәрін көруші, құдіреті күшті Құдай ала-құла қоғамды мейірімділікке үндесін деп, мұсылман баласы қара басы үшін емес, қалың бұқараның қамы үшін қарекет қылсын деп құрбан шалуды бұйырған ғой. Әйтпесе малдың қанын шығарғанға Құдай мұқтаж дейсіз бе?! «Е, Алла тағала, егер мүмкіндігім болғанда, мен де Сен үшін құрбандық шалар едім» деген саф таза асыл ниеттің өзі құрбандық шалумен пара пар сауапқа бөлейтін неткен Әділетті Ұлы Күш!
Шалған құрбандығыңыз, ниетіңіз қабыл болсын, оқырман! Құрбан айт құтты болсын!
Айжан ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
23 тамыз 2018 ж. 2 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930