» » ЖАСТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ЖАСТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Жаңақорған ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кенті, "Ордакент" ардагерлер, жастар ресурстық орталығы ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне халықтың сұранысы жоғары жер, әлеуметтік, білім, тұрғын үй, сәулет және құрылыс, ахаж, әділет, салық, көші-қон салалары бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталығы қатысты.
Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келген халыққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсіндірілді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік береді.
Аталған жәрмеңкеде 10 жұмыс беруші мекемеден 27 бос жұмыс орны ұсынылды.
27 тамыз 2018 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031