» » Жазғы тынығу лагерлерінің ІІ ауысымы қорытындыланды

Жазғы тынығу лагерлерінің ІІ ауысымы қорытындыланды

    Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Ұлағат Ұландары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында 2018 жылдың маусым айында аймағымызға қарасты «Қамбаш» (Арал ауданы), «Шағала» (Қазалы ауданы), «Ақтерек» (Жалағаш ауданы), «Жалын» (Сырдария ауданы), «Сырдария» (Қызылорда қаласы), «Сыр Ұланы» (Шиелі ауданы), «Талды су» (Жаңақорған ауданы), «Тау самалы» (Жаңақорған ауданы) жазғы тынығу лагерлерінде ІІ ауысым бойынша педогогикалық жасақ құрамындағы жастар педагог ұйымдастырушы болып қызмет жасады.
10 күндік демалыс уақытында балалардың демалысын қызықты етіп өткізу мақсатында «Танысайық, дос болайық», «Start Upp», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Салт дәстүрлер жаңғырады», «Start the unit» тақырыптарында ойын тренингтері мен мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Балалардың көңілінен шыққан шаралар оң баға алып демалыс күндері ұмытылмастай өткендігі туралы жарыса айтты. Өздерінің ұмытылмастай өткен күндері туралы ВКантакте және Instagram әлеуметтік желілерінде жақсы пікірлер қалдырды.
26 маусым 2018 ж. 1 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031