АЛЫПТАР ҚАЙТА ОРАЛДЫ

– Бұл турнир Ашхабадта жалауы желбірейтін Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі болмақ. Талдықорған тұғырына ұлттық құрама команданың барлық мүшесі тегіс шығады. Әрине, олардың әрқайсысы әлем чемпионатына баруды көздейді, сондықтан спортшыларымыз өз бабының қандай екенін қарашада тексереді. Талдықорғанда рекордтар көп бола қоймас деп ойлаймын, себебі Ашхабадқа дейін әлі үш жаттығу жиыны бар. Зілтеміршілеріміз сол жиындарда бабына келуі тиіс, алайда чемпионаттың қызық өтері сөзсіз, – дейді ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Юрий Мельников.