Байқауда бақ сынаңыз, әріптес!

Байқаудын мақсаты – отандык кәсіпкерлердің үздік тәжірибесін, мемлекет дамуындағы бизнестің әлеуметтік және экономикалық рөлін насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ медиа қоғамдастықты «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік жайында насихаттау. Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, оның ішінде штаттағы және штаттан тыс негізде жұмыс істейтін журналистер де қатыса алады. Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұқбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.
Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, келесі электронды мекенжайға жіберу керек – pr@atameken.kz («Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті). Байқау жұмыстары өтініш берілгеннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, 010000 Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы, 2642-кабинетіне пошта арқылы жіберілу керек. Егер байқауға түскен жұмыс ережеде көрсетілген шарттарға сай келмеген жағдайда ұйымдастырушы комитет қатысушы өтінімін байқауда қарастырмау құқығын иеленеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 25 тамыз аралығында жарияланған материалдар байқауға қабылданады. Өтінім қабылдау мерзімі байқау жарияланған күннен бастап 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Байқау қорытындысы 2018 жыл қыркүйек айының соңында «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында – www.atameken.kz жарияланады. Қосымша ақпаратты: «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаментінен алуға болады: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz