» » Жас инспекторлар бақ сынады

Жас инспекторлар бақ сынады

   Сыр өңірінде алғаш рет «Қозғалыстың жас инспекторлары» республикалық XVIII слеті өтті. Оған Қазақстанмен қоса, Беларусь, Қырғыз Республикасынан және Ресей Федерациясынан қонақтар қатысты. Бұл шара ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен қолға алынған. Дәстүрлі слеттің ашылу салтанаты Евразия сауықтыру кешенінде болды. Салт-дәстүр, құндылықтар дәріптелді. Ғ.Байтасов атындағы слеттің Қызылордада өткізудің басты себебі –  өткен жылы сырбойылық жастар қозғалыстың ең үздік жас инспекторлары атанған.    
Командалар 8 түрлі сыннан сүрінбей өтуі тиіс. Тағы бір ерекшелік – балалармен қатар полицейлер мен педагогтардың да біліктілігі сыналды. Олардың нәтижелері де жалпыкомандалық есепке алынады. Жас инпекторлар саптық қараудан бастап жол қозғалысын реттеу, медициналық көмек, жол белгілері мен ережелерден мүдірмей өтуі тиіс. Мұндай талап полицейлерге де қойылған. Ал ұстаздар қауымы айтулы тақырып аясында сабақтан тыс шаралар өткізу шеберлігімен ерекшеленеді.
     Өмір бір орында  тұрмайды. Жас инспекторлар қозғалысы жаңа бағытта әрі бұрынғысынан да пайдалырақ болуда. «Жол қозғалысы жас инспекторы» атағын иеленген балалар Отанымыздың лайықты азаматы болып өседі, жол полициясының лайықты буыны бола алады деп мақтанышпен айтамыз.
Нұрайым Уәлиханова, Қазақстан құрамасының мүшесі:
  –  Айтулы шара жас инспекторлар қызметінің 45 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осы күнге дейін XVIII слетке күшімізді салдық. Слетті асыға күттік. Жарыста ұтуға ұмтыламыз және де жеңеміз деген үміттеміз.
   Сергей Францкевич, полиция қызметкері (Ресей Федерациясы):
 –  Осы жарысқа шақыртуды біз қуана қабылдағанымыз рас. Балалардың өзара байлынысы мен достығынан бөлек, білімі мен білігі артады. Танымы кеңейеді. Саптық байқау, жас реттеуші, ЖҚЕ білгірлері, жас санитар, эрудиттер турнирі, үгіт бригадалары конкурсы, сондай-ақ велосипедті мәнерлеп жүргізу және велосипедті автоқалашықты жүргізу жөніндегі жарыстарға қатыстық.
Ирина Лукьянина, ҚР ІІМ ӘПК ресми өкілі:
 – Слетке Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Беларусь Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан жол-патрульдік полициясының жас көмекшілері жиналды. Полиция қызметкерлері ЖҚЕ білу, баспасөз хабарламасын жазу, автокөлікпен жылдамдықта маневр жасау және ЖКО кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша күш сынасады. Педагогтар, балалардың жолдағы қауіпсіздігі тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараны өткізу бойынша шеберлігін көрсетеді.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
.
30 тамыз 2018 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930