» » Допинг қолданғанын мойындаған спортшы Олимпиада медалін сақтап қалды

Допинг қолданғанын мойындаған спортшы Олимпиада медалін сақтап қалды

    Сеул Олимпиадасының чемпионы неміс онсайысшысы Кристиан Шенк допинг қолданғанын мойындағанымен, медалін сақтап қалды, деп жазады «Хабар 24». Шенктің сөзіне қарағанда, ол спорттық ғұмырында үнемі допинг, соның ішінде туринабол стероидін қолданған. Спортшының еншісінде 1988 жылғы олимпиада алтынынан бөлек 1990 жылғы Еуропа чемпионаты мен 1991 жылғы әлем чемпионатының қола медальдары бар.  Халықаралық олимпиада комитеті 53 жастағы Шенктің шындықты жайып салғанын дұрыс қабылдап, мерзімнің баяғыда өтіп кетуіне байланысты спортшыны жүлделерінен айырмаймыз деп шешті. «Бұл жайттың бұрын болғанын есепке ала отырып ХОК ешқандай шара қолданбайды. Оның өз кінәсін мойындағаны дұрыс болды және алдағы уақытта бұл допингпен күресуге көмектеседі деп ойлаймыз», - деп хабарлады ХОК өкілдері. 1994 жылы карьерасын аяқтаған Шенк телевидениеде жұмыс істеп қана қоймай, табысты кәсіпкерге айналды. Бұрынғы спортшы қайырымдылыққа да көңіл бөлген, деп жазады Sports.ru.  

03 қыркүйек 2018 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930