«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Фестивальға облыстың барлық ауданынан және қалалық мектеп-интернаттардан ән, би, халықтық орындау, көркемсөз оқу, көркемсурет және қолөнер жанрлары бойынша мүмкіндігі шектеулі 200-ге тарта өнерпаз бақ сынасады.
Шараның негізгі мақсаты - облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өнердің түрлі жанрындағы шығармашылық қабілеттерін анықтып, халық арасында кеңінен насихаттап, қолдау көрсету.
Биылғы байқаудың жас ерекшелігі 14-35 жас аралығында топтарға бөлініп өтуде. Байқауға облысқа белгілі мәдениет майталмандары қазылық етеді. Шара ертең 13 қыркүйек күні гала-конфертпен қортындыланады.