ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының негізінде еліміздің барлық өңірлерінде жылына екі рет ер азаматтарды әскерге шақырту науқаны жүргізіледі.
Биылғы жылы қыркүйек және қазан айы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктерінде әскери борышын өтеуге ниетті үміткерлерді іріктеу жұмыстары жүргізіледі.