"Ішімдікке салындым - өлгім келді": Илья Ильин ағынан жарыла сұхбат берді

Илья Ильин. Фото: prosports.kz
- Көп іштім. Қасымда үнемі ішімдік болатын. Шөлмек түбінен жеңілдік таптым демеймін. Өмірге кедергі еді. Ішімдікке салынғаным ата-анама жайсыз тиді.
Менен наградалар қайтарылатыны туралы жаңалық шыққанда... Өлгім келді. Қонақүйде үш күн жатып іштім.
Былтыр жыл басында Израильге бардым, сол жерде өзіме келдім", - деген Илья допинг дауы туралы "барлығын айта алмайтынын" алға тартты.
"Қазір бәрін айтып отырған жөнсіз деп есептеймін. Кейінірек бүге-шүгесіне дейін ашып айтармын.
Үлкен спортта жасалған қуғынға менің кінәм жоқ. Мен тең дәрежеде ойнадым.
Ешбір спортшы бетіме қарап, жеңіске арам жолмен жеттің деп айта алмайды", - дейді ол.