ЖАҢА МАУСЫМ «АҚБАЯНМЕН» АШЫЛДЫ

Қойылым ұлттық салт-дәстүрмен басталды. Жаңа өмір есігін ашқан Қозы мен Баянды ата-анасы бесікке салу салтынан соң бірден атастырып құдаласады. Келесі актіде аңшылықта Баянның әкесі Қарабайдың айтуы бойынша жігіт әкесі Сарыбай буаз Ақбөкенді атып түсіреді. Анығында "атпасаң қызымды бермеймін" деп Қарабай екіленіп, мәжбүрлеген еді. Сарыбай осы оқиғадан соң мерт болады. Сөйтіп екі жақтың құдалығы үзіледі. Арада он жеті жыл өтеді. Баянның сұлулығына ғашық болмаған жігіт кемде кем. Соның бірі Баянға ессіз ғашық – Қодар батыр. Баянның қарсылығына ызаланып, Қарабайдың бар малын айдап әкетеді. Намыстанған Баян жылқыны әкелуге өзі аттанады. Жолда ғашығы Қозыны
кездестіреді. Қозы Қодар батырдан малды қайтарады. Екі айдан кейін салт-дәстүрмен Баянға үйленеді. Спектакльде ұлттық би, асық, көкпар, арқан тарту сияқты спорттық сайыстар мен ұлттық киімдер арқылы халық нышаны мен қазақ мәдениеті көрсетіледі.

кездестіреді. Қозы Қодар батырдан малды қайтарады. Екі айдан кейін салт-дәстүрмен Баянға үйленеді. Спектакльде ұлттық би, асық, көкпар, арқан тарту сияқты спорттық сайыстар мен ұлттық киімдер арқылы халық нышаны мен қазақ мәдениеті көрсетіледі.
Пьесаны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хусейн Әмір-Темір сахналады. Ал суретші-декораторы – Нұркен Қалымбетов. Ақбаян рөлін – Зарина Кенжалы, Қозы рөлін – Санат Жүзбай, Қодарды – Қанат Архабаев, Қарабайды – Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Бақытбек Темірбеков сомдады.
– Спектакльді Шотландияда қойдық. Халық көңілінен шықты. Сіздер де көрсін деп арнайы сахналадық. Қазақи әуен, ұлттық нақыштағы декорациялар, костюмдер мен ойындарды көрсетуді жөн санадық. Сондықтан осы пьесаны тандадық, - деді Хусейн Әмір-Темір.
Жарты ғасырлық тарихы бар Н.Бекежанов атындағы театрдың репертуарында әртүрлі жанрда бірнеше пьеса бар. Театрда жастар тобы, қуыршақ театры және драмалық ұжым, барлығы – 50-ге тарта артист жұмыс істейді. Осыған дейін театр Түркия, Әзербайжан және Ұлыбритания сияқты елдерде өнер көрсеткен, енді мұнын қатарына Шотландияда қосылды.