» » » ЖАҢА МАУСЫМ «АҚБАЯНМЕН» АШЫЛДЫ

ЖАҢА МАУСЫМ «АҚБАЯНМЕН» АШЫЛДЫ

    Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы 64-маусымының шымылдығын «Ақбаян» спектаклімен ашты.
Спектакльді жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хусейн Әмір-Темір сахналады. Ал суретші-декораторы – Нұркен Қалымбетов. Кейіпкерлерді, атап айтқанда, Ақбаян рөлін – Зарина Кенжалы, Қозы рөлін – Санат Жүзбай, Қодарды – Қанат Архабаев, Қарабайды – Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Бақытбек Темірбеков сомдады. Махаббат хикаясына толы қойылымда қос ғашықтың тағдыры бейнеленген. Замана тынысын, өмір талабын, уақыт заңдылығын жетік түсінген режиссердің туындыны сахналауда кәсіби шеберлігін ұтымды пайдалана білгені көрініп тұрды. Ал театр артистері кейіпкерлерін әсерлі сомдап, көрермен көңілін дөп басты.
Айта кетейік, аталған қойылыммен өнер ұжымы таяуда Шотландияның Эдинбург қаласында өтіп жатқан «Фриндж» өнер фестиваліне қатысқан болатын. Алпыс төртінші маусымын ашқан өнер ұжымы жайлы газетіміздің төртінші бетінен толық оқи аласыздар.


14 қыркүйек 2018 ж. 1 037 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031