» » Ассам шайынан ақау шықты

Ассам шайынан ақау шықты

    Facebook әлеуметтік желісінде ер адам "Ассам" шайының құрамын тексеріп жатқаны түсірілген видео жарияланды. 
Ролик авторы пакеттегі ұсақ ақ түйіршіктерден қауіптеніп отырғанын айтқан. Ол бұл қауіпті химиялық зат болуы мүмкін деп болжаған. 
"Teahouse" компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Анар Баязинова  Sputnik-ке берген ресми түсініктемесінде алаңдауға еш себеп жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, видеода ер адам ашып көрген шай "Кешкі" деп аталады
"Бұл роликте біз шағын түйіршіктерді көріп отырмыз, олар бергамоттың (шырынды, ірі жемісті алмұрт түрі – агенттік) хош иісін шығару үшін пайдаланылады", — деп сендірді спикер.
Баязинованың сөзіне қарағанда, бұл – Қазақстанның тексеруші органдары мақұлдаған қымбат әрі сапалы хош иістендіргіш.
Дереккөз: https://sputniknews.kz
20 қыркүйек 2018 ж. 721 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30