» » Әуе тасымалдаушылар Қазақстандағы әуежайларға өкпелі

Әуе тасымалдаушылар Қазақстандағы әуежайларға өкпелі

Әуежайлар қызметіндегі тарифтерді реттеу шараларының болмауы әуе компанияларын алаңдатып отыр. Бүгін Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (International Air Transport Association, IATA, ИАТА) Орталық Азия бойынша өңірлік менеджері Джордан Карамалаков осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2017 жылы маусымда әуежайлар енгізетін халықаралық рейстерге бағаны мемлекет реттеуді тоқтатты. Яғни, аталған реттеуді тоқтату салдары тек халықаралық рейстерге Қазақстандағы әуежайлық тарифтердің артуына алып келді. Сонымен қатар әуе тасымалындағы жоғары отын құнын ескере отырып, шетелдік екі әуе компаниясы рейстерден бас тартты, ал тағы бірнешеуі тасымал жиіліктерін қысқартуда», - деп тоқталды Джордан Карамалаков елордада өткен баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдың соңына қарай шетелдік тасымалдаушылар үшін отын бағасы 20 пайызға өсті. Осы жағдайларды ескере келе,  әуе тасымалдаушылары өздерінің авиациялық қызметін жоспарлауға қауқарсыз болатындай жағдай туындап отыр. Өз кезегінде «Эйр Астана» әуе компаниясының қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел Астанадан бағдарлық желіні дамытуға нұқсан келтіретін тәуекелдер бар екенін, бұл тұрғыда рейстердің қысқаруы мүмкін екенін атап өтті. Бұдан бөлек, «СКАТ» әуе компаниясының коммерциялық директоры Николай Буряков тарифтердің елеулі өсімі көптеген қазақстандық әуежайларда байқалып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Ақтөбе, Атырау әуежайларында көрсетілетін қызметтердің құны артқанын, бұл жағдай тасымалдаушылар үшін қолайсыз болып тұрғанын сөз етті.  
19 қаңтар 2018 ж. 1 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031