» » Үшінші жекпе-жек: Альварестің шарты қандай?

Үшінші жекпе-жек: Альварестің шарты қандай?

   Орта салмақтағы экс чемпион Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке келісе алмаған жағдайда қосымша қандай нұсқалар барын айтты. 
15 қыркүйек күні Альварес төрешілер шешімімен Головкинді жеңді. Бұл қазақстандықтың карьерасындағы алғашқы жеңілісі және ол осы жекпе-жектен кейін WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды. 
Жекпе-жектен кейін боксшылар үшінші қарымта кездесу өткізуге дайын екендерін жеткізді. Леффлер The Ring басылымына берген сұхбатында Альвареспен келісе алмаған жағдайда Головкиннің жапониялық Риота Муратамен және WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін екеніні айтты. 
Осы уақытқа дейін Муратаның промоутері Токиода Головкинмен жекпе-жек өткізгілері келетінін мәлімдеген-ді. Ал Сондерспен Головкин осы жылдың тамыз айында жұдырықтасуы тиіс болатын. Мұны спортшының компаниясы Альварес бас тартқан жағдайда өткізуді жоспарлаған. 
Дереккөз: https://sputniknews.kz/

24 қыркүйек 2018 ж. 1 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031