Сенсация: Жәнібек Әлімханұлы қандықол қарақшымен бокстаспақ
Кәсіби боксқа ауысқан Жәнібек Әлімханұлы үшінші қараша күні АҚШ-тың Техас штатындағы "Эль-Пасо" рингінде жұдырықтасатын болады. Боксшының қарсыласы ретінде "Хайуан" лақап аты танымал америкалық спортшы Вон Александер деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қазақ боксшысы мен америкалық боксшы арасындағы жекпе-жек Мигель Берчельт пен Мигель Романның бокс кешінің андеркарді аясында өтпек. Айта кетейік, "Хайуан" лақап атымен танымал Вон Александер екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион Девон Александердің бауыры. 2004 жылы Вон қарақшылығы үшін айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған. 2015 жылы босап шыққан спортшы үлкен спортқа қайта оралған.
Ал Жәнібек Әлімханұлы Вон Александермен кездеспестен бұрын 28 қыркүйек күні колумбиялық Карлос Гальваноға қарсы шығады. Кәсіби боксқа ауысқан қазақстандық спортшының АҚШ-тағы алғашқы жұдырықтасуы Окленд қаласында өтпек.
Еске сала кетесек, Жәнібек Әлімханұлы өзінің алғашқы екі кездесуін Алматы мен Астана қалаларында өткізген.