» » Мұғалім – адалдық айнасы

Мұғалім – адалдық айнасы

  Маржан Кеңесқызы, С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейінің ағылшын тілінің мұғалімі:
Пара беру – сенімсіздік
Колледжді бітірген соң ата-анама салмақ салғым келмеді. Олар да мұғалім. О баста үйдегі тәрбие солай қалыптастырды. Өзің тауып жеген нан тәтті болатынындай, мен жұмыс іздедім. Жан-жаққа түйіндеме қалдырдым. Жеке балабақшада екі ай жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Осы өзім жұмыс істеп жатқан мектепке де түйіндеме арқылы келдім. Басшылық шақыртып, тестілеуден өткізді. Сынақтан жақсы нәтиже көрсетуіме колледжде қатысқан тілдік олимпиада мен арнайы курстар көмегін тигізді. Қатарластарымның санасында мынадай түсінік бар. Ақшаң болмаса, сені ешқандай жер жұмысқа алмайды. «Қанша теңге бердің» деп сұрайды. Неге ақша беруім керек?! Сіз өзіңіз сенімдісіз бе, пара бермеңіз. Ал өзіңе сенбей, ақша арқылы мәселені шешем деу – қате түсінік. Себебі, жалтақтап жүріп, жемісті жұмыс істей алмайсың.
Міндетті емеспіз
Алғаш келгенде қиындық тудырғаны – пікір білдіре алмаушылық. Бізде басшылар айтты ма, сол орындалу керек, ал пікір айтып, ұсыныс берсең  көп жағдайда елеусіз қалады. Сонымен қатар сенбілік мәселесі. Бірақ белгілі бір уақытта және ерікті түрде болса, өз басым тазалыққа атсалысуға қарсы емеспін. Дегенмен бұл бізде міндетті жұмыс есебіндей қабылданып кеткен.
Ойлану керек-ау
Баланың бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін меңгеруіне қатысты бір ой айтқым келеді. Бір оқиға есімде. Қазақша «А» әріпін енді үйреніп жатқан бала екі күн бұрын ағылшынша осы әріппен танысқан. Өзіңіз білесіз, таңба бірдей болғанмен  дыбысталуы бөлек. Мұғалім қанша «А» деп түсіндіргенмен, бала «Эй» деп оқып күлкіге қарық қылғаны бар. Бала тез қабылдайды. Ана тілін толық меңгермей, мектепке келе сала басқа ақпаратты жүктеу бала санасына тым ауыр. Әрине күнделікті тілге дағдыландыруға қарсы емеспін. Мен де ағылшын тілінен сабақ беремін, бірақ осы тұста ойлануға тұратын өте бір нәзік мәселерді ұмытуға болмайтын шығар.
Не жетіспейді?
Көп мұғалімге өзінің мамандығын сүю жетіспейді. Бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпын. Көбісі тек айлықтан-айлыққа, 45 минуттың тез өтуімен шектеледі. «Көп болса, мұғалім боларсың» деген түсінік кеулеп кеткен.
Жаңашылдық керек
Қазір Тараз қаласындағы Тараз гуманитарлық-инновациялық университетінде сырттай білім алудамын. Алдағы жоспарым «Болашақ» бағдарламасымен шет елде оқығым келеді. Соған өзімді дайындау үстіндемін. Егер қол жеткізсем, туған қаламда жақсы үлгідегі мектеп ашсам деймін. Әрі бұл кәсіпкерлік жағынан өзімді сынауға үлкен мүмкіндік болар еді.
Ержан ҚОЖАС
27 қыркүйек 2018 ж. 1 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031