» » ҚАЗАСТАНДЫҚТАР БАСҚА ЕЛГЕ КӨШУ ҚАЛАЙША МАМАНДЫҚТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕР ЕТУІ ТУРАЛЫ

ҚАЗАСТАНДЫҚТАР БАСҚА ЕЛГЕ КӨШУ ҚАЛАЙША МАМАНДЫҚТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕР ЕТУІ ТУРАЛЫ

Дамира Барлықбаева, 32 жаста, туған жері — Талдықорған, медициналық туризм

Тұрып жатқан елі: Оңтүстік Корея, Сеул
Сеулде он жыл тұрып жатырмын. Алғаш рет Сеулге 2006 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келіп, Оңтүстік Корей университетінде жарты жыл бойы оқып шықтым. Бұл сапардан кейін бақытты естеліктер қалыптасып, магистратураға осында түсетінімді шештім. Оңтүстік Корей университетінен грант ала алдым және бұл елге 2008 жылы қайтып оралдым.


Біздің халықтар қонақжайлығымен, салттарымен, мәдениетімен ұқсайды. Алғашқы уақытта мені корейліктердің еңбекқорлығы мен бір-біріне деген сенімділігі таңғалдырды.
Қазақстанда Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультетінде оқып, бірінші курстарға сабақ беретінмін. Ал Сеулге көшіп келгенде Сеулдегі қазақ компаниясының өкілдігіне жұмысқа орналастым. Ол жерде ҚР денсаулық сақтау Министрлігінен квота бойынша ем алып жатқан қазақстандық балалар үшін сәйкес клиника іздестірумен айналыстым. Жұмыс қиын, себебі балаларды қиын аурулармен емделуге жібереді.
Әлі күнге дейін осы салада қызмет етіп келемін. Қазір Кореядағы ірі клиникаларға қызмет көрсететін өзімнің компанияларым бар: Severance, Samsung, Hyundai, SNU. Бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық туризм өте танымал, көбісі Кореяға медициналық көмек алу үшін келеді. Ал біздің компания бұрынғы ТМД елдері азаматтарын сүйемелдеуімен айналысады, клиенттеріміздің 90% қазақстандықтар.


Алматыда компаниямыздың филиалын аштық. Себебі медициналық туризм саласында жұмыс істеу уақытында Кореяға соңғы ақшаларын жинап, шұғыл ота жасауға келетін көптеген қазақстандық науқастарды кездестірдім. Бірақ тексеруден кейін отаның қажет болмағаны, яғни ауру өз бетімен біраз уақыт өткеннен кейін кетуі мүмкіндігі айқындалатын. Әсіресе бұл балаларға қатысты, себебі бала өседі және ағза ауруды өзі жеңе алады. Сонымен қатар Қазақстанда бір диагноз қойылып, ал Кореяда ол расталмайтын жағдайлар да болып тұрды. Осыған байланысты біз адамдар елден шықпас бұрын кеңес алу үшін Алматыда филиал ашуды жөн көрдік.

Талғат Абдрахманов, 31 жаста, туған жері — Қарағанды, медициналық сақтандыру саласы

Тұрып жатан елі: АҚШ, Нью-Йорк
АҚШ-қа көшуді бала кезімнен теледидардан американдық фильмдерді көргеннен бері армандадым және мектепте сүйікті сабағым ағылшын тілі болатын. Әрқашан АҚШ-қа келетінімді білдім, бірақ қалай және қай уақытта екенін айта алмадым. Нәтижесінде АҚШ-қа Work & Travel бағдарламасы бойынша келдім, алғашқы уақытта мені жергілікті тағам мен өмір ритмі таңғалдырды. Мұнда барлығы басқаша секілді ой қалыптасты — адамдар, қарым-қатынас, құндылықтар.


Қарағандыда оқыдым, ол жерде екі мамандық бойынша бакалавриат бітірдім: аударма ісі және қаржы. Мен ауызша және жазбаша аудармалар жасалатын жақсы компанияда аудармашы қызметін атқардым. Ол жұмыс маған ұнайтын, материалдық және рухани тұрғыдан бұл ең жақсы мамандық болатын. Компания 2011 жылы жабылды, бірақ ол уақытта мен екінші диплом алып үлгердім және Халықаралық банкіге жұмысқа орналастым. Сол жылы магистратураға түсіп, банкіден кеттім, негізінен тек оқумен айналыстым, ал бос уақытымда қосымша жұмыс ретінде жазбаша аудармаларды орындадым.
АҚШ-қа алғаш келген кезде қызмет саласында жұмыс істедім. Ал бірінші лайықты жұмысты тек екі жылдан кейін алдым, себебі маған жұмысқа қажетті барлық құжаттарды жинақтау үшін уақыт керек болды. Қазір мен мүлдем басқа салада, яғни сақтандыру мен денсаулықты сақтауда жұмыс жасаймын. Біздің компания New York State of Heаlth деп аталады, ол тұрғындар арасында медициналық сақтандыру жоспарларын орналастырумен айналысады.


Жұмысқа тұру үшін төрт рет түйіндеме бердім, содан кейін мені қабылдады. Қазір бұл мен үшін ең ақын мамандық. Түйіндемені толықтыру үшін АҚШ-тың жақсы компаниясында жұмыс істеп американдық жұмыс тәжірибесін жинақтау керек. Жалпы бұл қызмет банкідегі жұмысқа ұқсас: клиенттермен сөйлесемін, жұмыс кестеп қалыпты, бірақ қызмет саласы мүлдем өзгеше.
Келешекте қаржы саласында дамуды қалар едім. Сақтандыру саласы қызық әрі пайдалы, әсіресе АҚШ-та, бірақ қаржы саласы маған қызығырақ болып көрінеді. Жақын арада қаржы мен менеджмент саласында құзыретті болуға көмектесетін арнайы курстардан өтуді жоспарлап жатырмын.

Дана Утебалиева, туған жері — Алматы, оқытушы, аудармашы, гид-нұсқаушы

Тұрып жатқан елі: Испания, Барселона
Испанияда 20 жыл тұрып жатырмын. Алғаш рет осында1997 жылы келдім, кейін іссапармен келіп тұрдым, себебі қазақ-испан фирмасында аудармашы болып істедім, ал 2003жылдан бастап осында көштім.


Маған осы жердегі адамдар әрқашан күлетіні, жайдары мінездері ұнайды, ал бізде сол жылдары ондай болмайтын. Мені таңғалдырған жалғыз нәрсе қоғамдық көлікте жастар қарт адамдарға немесе жүкті әйелдерге орын бермейтін және мен солай істеген кезде барлығы таңғалып маған қарайтын. Тағы испандықтар әрқашан жұмыстарын ертеңгі күнге қалдырып, кешігетіндігімен ерекшеленеді, бұған көпке дейін үйрене алмадым.
Қазақстанда Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері және Сүлеймен Демерәлі университеттерінде испан және неміс тілдерінің оқытушысы болдым. Мен негізгі аудармашы жұмысымды сабақ берумен бірге алып жүре алдым, себебі оқыту, сабақ беру маған ұнайды, әрдайым мұғалім болуды қаладым.


Қазақстаннан кететін мақсатым болған жоқ. Таңдаулы университетте жұмыс істеп, үміткер диссертациямды қорғауды жоспарладым және роман-герман кафедрасының меңгерушісі болуға дайындалдым. Бірақ күйеуге шығып, Испанияға кетім қалдым.
Испанияға көшіп келген кезде, қызмет саламды ауыстыруға тура келді, бастапқы кезде бірнеше тіл білгендіктен, француз қонақ үйінің ресепшінінде жұмыс істедім. Тілдерді білуімнің арқасында бірінші жұмысымды оңай таптым.
Испан азаматтығын алғанда Андоррада жұмыс істедім, шетел азаматтарының тұрғылықты мекен-жайларын тіркеумен айналыстым. Өйткені салық төмен және бұл бизнес ашу мүмкіндігіне ие адамдар үшін жақсы мемлекет. International recolation, яғни халықаралық орын ауыстырубойынша менеджер және консультант болып тағайындалдым. Сонымен қатар үйде ағылшын, неміс және орыс тілдері бойынша сабақ беріп, мәтіндер мен мақалаларды аудардым. Және Андоррадағы жұмыспен қамту Министрлігінде орыс тілінің сарапшысы болдым. Мен жұмыс істеген Академия адам орыс тілін білетіні туралы сертификат ұсынатын.
Қазір екі жыл бойы Барселонада тұрып келемін және испан тілінен сабақ беруден басқа гид-нұсқаушы болып жұмыс істеймін. Бірінші мамандығым халықаралық туризм бойынша менеджер және мен оны осы жерде іске асыра алдым. Тілдік, аудармалық, турагенттік қызметтерін көрсететін агенттік ашқанды қалар едім.
02 шілде 2018 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031