» » Халық Банкі қалыпты жағдайда қызмет атқаруда, ақша жеткілікті – басшылық

Халық Банкі қалыпты жағдайда қызмет атқаруда, ақша жеткілікті – басшылық

Халық Банк-тің басшысы Үміт Болатханқызыбанкоматтар мен клиенттердің шоттары бойынша орын алған жағдайға түсініктеме берді.
Үміт Болатханқызы, қазір қос банк өте қиын сәттерді бастан кешіп жатыр. Осыған орай қазіргі банкте орын алып жатқан жағдайларға байланысты пікір білдірсеңіз. Клиенттердің басым көпшілігі ақша қаражатын қолма-қол шеше алмағандықтан және төлемдерді аудару мүмкіндігі шектелгендіктен алаңдай бастады. Бұл нендей жағдайға байланысты және бұл мәселе қашан жойылады?
Иә, расында қарқынды түрде жұмыс істеп жатырмыз. Дегенмен, алаңдауға еш себеп жоқ. Қос банк бірікті, барлығы ойдағыдай. Ия, дегенмен әртүрлі техникалық мәселелер әлі де бар, ең бастысы банкте ақша бар және клиенттік база сақталды. Карточкалар бойынша кейбір операциялар бір тәулікке тоқтатылды, бұл кезең-кезеңімен қызмет көрсетілетін көптеген операцияларға байланысты. Бір миллионнан астам операция бар. Бұл қызмет түрлерін қайта өңдеу үшін уақытты талап етеді. Негізінен бұл кеңсеге келген заңды тұлғалар, шағын және орта компаниялардың мәселелері. Ал егер сіз жеке тұлға ретінде тіркелген клиент болсаңыз онда еш қиындықсыз қалаған көлемдегі ақша қаражатын шеше аласыз. Ақша бар, банкоматтардың барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Біз бәрін мұқият бақылап отырмыз, банкоматтар қызмет көрсетуге дайын. Егер заңды тұлғалардың корпоративтік карталары болса, онда олар да еш қиындықсыз банкоматтан ақша ала алады. Іс жүзінде, жұмыс процестерінде проблемалар бар, бірақ мен барлық клиенттердің ақшасы сақталғанын, ешкім бір тиында жоғалтпайтынын сенімді түрде айта аламын. Бөлімшелерде кезек күткен клиенттер бар және бұл мәселенің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Үміт Болатханқызы, бірақ әлі күнге дейін онлайн-операциялар туралы көптеген шағымдар бар, бұл да алаңдаушылық тудырады. Олар қашан шешіледі?
Ия, бұл уақытша ғана. Негізінен заңды тұлғаларға арналған онлайн-банкингте сәтсіздіктер болды, бірақ біз бұл мәселенің шешімін таптық, төлемдерді жүргізудегі мәселе де жойылды. Банк қызметтері бойынша кейбір ауытқулар болуы мүмкін, оның өзі ең көп дегенде 2-3 күнге ғана созылады. Орын алған ауытқулар айдың аяғы болғандықтан ғана сезілді. Неге десеңіз, заңды тұлғаларға жалақы аударуға байланысты. Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін кішігірім компаниялар бар, олар ақшаны төлеу үшін онлайн-банкингсіз қолма-қол ақшамен ғана ақша алады және толықтырады, сол себепті көптеген жүргізілген операциялар белгілі бір жүктеме болып жүйе ауытқи бастайды. Мен клиенттердің барлығын түсінемін, олармен банк бөлімшесіне барып жүздестім, олардың неге шағымданатынын да білемін, түсінемін, бірақ жағдайды ушықтырмауларын өтініп сұраймын, орын алған мәселенің бәрі шешіледі.
03 тамыз 2018 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930