Мамандар мерекелік медальмен марапатталды

Облыс әкімі Қ.Көшербаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Виталий Брынкин, ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев, ақын, Мемлекеттік премия лауреаты Иранбек Оразбаев және ҚР Елтаңбасының авторы, «Құрмет» орденінің кавалері Жандарбек Мәлібеков Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталды.