» » Әкімді автобустан көрген халық аң-таң болды (видео)

Әкімді автобустан көрген халық аң-таң болды (видео)

   Қарағанды тұрғындары қала әкімі Нұрлан Әубәкіровті автобустан көріп қалды. Аймақ басшысы 28 қыркүйек күні таңертеңгісін 118 бағыттағы автобусқа отырған.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі E-karaganda басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкіммен бірге бір автобусқа отырған жолаушылар оны видеоға түсіріп, желіде жариялаған.
Әкімдіктегілер Нұрлан Әубәкіровтің таңғы сағат 8-де “Сортировка” ықшам ауданынан автобусқа отырғанын айтты. Арада жарты сағат өткен соң әкім ең соңғы аялдамадан түскен.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 1 қазаннан бастап аталған маршрут бойынша автобустардың бағыты өзгереді.
Әубәкіров автобустардың санитарлық жағдайы мен жүру жиілігін бақылау мақсатында қоғамдық көлікке отырған. Оған Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов осындай тапсырма берген. Ол жергілікті биліктің қызметіне наразылық білдірген еді.
29 қыркүйек 2018 ж. 2 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031