ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРДІ
Мемлекет басшысының бұл Жолдауы да еліміз алдындағы еңсерілуге тиісті белестерді белгіледі. Қоғамдағы негізгі мәселелерді шешудің жолын көрсетіп, мерзімін нақтылады.
Әсіресе, келер жылдан бастап қолға алынатын "Ауыл – ел бесігі" жобасы, құқыққорғаушыларды қайта аттестаттаудан өткізу туралы бастамасы қарапайым халықтың көкейіндегісін дөп басты.
Сонымен қатар, Елбасының 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы кейінгі толқынға көрсетілген сенімнің белгісіндей болды. Мемлекет басшысы осыған байланысты ауқымды шаралар ұйымдастыруды әкімдіктерге тапсырды. «Жастардың отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс» деп атап көрсетті.
Бұл жастарды ел игілігі үшін еңбек етуде жігерлендіре түседі.
Сәдірбек ЖҰМАБЕКОВ,
"Жастар ресурсы орталығы" КММ аға кеңесшісі.