Адами капитал айтулы өзгеріске бастайды
Елбасының әр Жолдауы үлкен жүйе арқылы Қазақстанның жарқын дамуына, елдің негізгі әл-ауқатын көтеруге арналған. Бұл Жолдаудың да өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан өзінің даму стратегиясы мен әлеуеті арқылы дүние жүзіндегі 30 елдің қатарына қосылуға үлкен жұмыстар атқарып жатыр.
Ең алдымен адами капитал қажет деген. Елдің табысы, тұрмысы жоғары деңгейде болу қажет. Осыған байланысты, Елбасы Қазақстанның әл-ауқаты, табыс пен тұрмыстық жағдайына үлкен көңіл аударып осы Жолдауда әлеуметтік мәселелерге басымдық берді. Негізгі елдің қарқынды дамудағы қазіргі таңда алда тұрған мәселелер және одан шығу жолдары. Мемлекеттік бағдарламалар қай деңгейде орындалып жатыр? Бірінші кезекте Елбасы халықтың тұрмыс деңгейі қандай, жалақысы, табыс көзі жолындағы кедергілері қандай деген сұрақтарға жауап берді. Министрлер мен әкімдерге бизнес жолында жүрген азаматтарға ешқандай тосқауыл болмасын, қайта оларға көмектесу мәселесін жолға қойды.
Ең басты мәселе халықтың табыс көзі, тұрмысы, денсаулығы жақсарғанда өсу деңгейі жоғарылайды деп атап кетті. Бұл әр қаазақстандықтың көкейінде жүрген өзекті мәселе. Осы жолдан шығу бойынша нақты тапсымалар берді. Мемлекет басшысы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Ел жастармен мақтанады. Елдің дамуында жастардың ролі зор деп жастарға үлкен сенім артты.
Сәулет САХИЕВ,Қоғамдық келісім мекемесінің