» » 275 мың қызметкердің жалақысы өседі

275 мың қызметкердің жалақысы өседі

   Бұл туралы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысының активімен кездесу барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемінің 42,5 мың теңгеге дейін, яғни 1,5 есеге өсуі — бүкіл экономикаға мультипликативтік әсер етеді. Ең төменгі жалақының өсуі экономиканың барлық секторларында жалақысы төмен лауазымдарда жұмыс істейтін 1,3 млн адамның еңбекақысының өсуіне жол ашады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өседі. Олардың жалақысы орта есеппен 35%-ға өседі.
«Ең алдымен I-IV санаттағы жұмысшылар, орта арнайы білімі бар, еңбек өтілі төмен негізгі, әкімшілік және техникалық жұмысшылардың еңбекақысы өседі. Мәселен, негізгі қызметкерлердің ішінде бұл – тәрбиешілер, әдіскерлер, зертханашылар, медбикелер, фельдшерлер, акушерлер және т.б. Әкімшілік, көмекші, техникалық қызметкерлер – техниктер, аудармашылар, әдіскерлер, іс жүргізушілер, мұрағатшылар, хатшылар, операторлар және т.б. Қазіргі уақытта біз Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлеп, оны орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бекітуге жібердік», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
13 қазан 2018 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930