» » Ең төменгі жалақы кезең-кезеңімен көтеріледі – Сүлейменов

Ең төменгі жалақы кезең-кезеңімен көтеріледі – Сүлейменов

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланған Үкімет отырысында ең төменгі жалақы кезең-кезеңмен көтерілетінін айтты.
Ол жалпыұлттық жоспарды алдағы кезеңге арналған мемлекеттік дамудың алты түйіні бойынша 100 іс-шара көзделгенін атап өтті.
«Халық табысының өсуі атты бірінші міндет шеңберінде 24 іс-шара көзделіп отыр. Олар жалақының өсуі және жаңа жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттыруға бағытталады. Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен көтеріледі. Бюджет саласының жұмыскерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы ұлғайтылады. Табиғи монополиялар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнама жетілдіретін болады. «Бизнестің Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы жыл сайын кемінде 30 млрд теңгемен қоса қаржыландыра отырып, 2025 жылға дейін ұзартылады», - деді Ұлттық экономика министрі.
09 қазан 2018 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930