» » Қазақ дзюдошыларының мерейі үстем болды

Қазақ дзюдошыларының мерейі үстем болды

  Нассауда (Германия) дзюдодан жастар арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас командалық сайыста қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық дзюдошылар жұбаныш финалында Франция құрамасын 5:3 есебімен ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан Германия құрамасын 5:1 жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда, жартылай финалда Бразилия құрамасына 1:5 есебімен жеңіліп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.
Аралас командалық сайыста Қазақстан жастар құрамасының сапында Арслан Есенгел, Бауыржан Нарбаев, Аңсарбек Ғайнуллин, Жанболат Бақытбергенов, Ерасыл Болат, Дінахмет Рыссымбек, Санжар Жаббаров, Ғалия Тынбаева, Ақмарал Науатбек, Аида Карчаева, Мөлдір Нарынова және Камила Берліқаш күресті.
Естеріңізге сала кетсек, 17-21 қазан күндері Нассау қаласында (Багама аралдары) дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 67 елінен 500-ге жуық жас татами шебері қатысты. Жылдың ең маңызды байрақты бәсекесінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Осыған дейін 73 келіне дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жанболат Бақытбергенов қола жүлдегер атанса, аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы тағы бір қоланы жеңіп алды.
Baq.kz

22 қазан 2018 ж. 810 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930