» » Републикалық спорттық сайыстар аяқталды

Републикалық спорттық сайыстар аяқталды

    Жаңақорған ауданы Машбек ауылында  «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында республикалық турнир  өтті.
Жарыстардың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен Машбек Нәлібаевтың ұлы Пазылбек Нәлібаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Еңбек ардагері атындағы  спорттық жарыстар 2005 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Қазақ күрсінен өткен турнирге  облыс орталықтарынан  11 команда 100-ден аса спортшы  8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. 
Жарыстың қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары:
55 келі: Ердәулет Салыбеков (Қызылорда), 60 келі: Олжас Оразалыұлы (Қызылорда), 66 келі: Әділет Құлшым (ұлттық құрама), 74 келі: Бижан Елібай (Алматы қ.), 82 келі: Сұлтан Зарықбай (Жамбыл), 90 келі: Мейірбек Байжігіт (ұлттық құрама), 100 келі: Жансерік Жұмабай (ұлттық құрама), +100 келі: Сұлтан Серікбай (Жамбыл).
Сондай-ақ,  қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында қызылордалық Еламан Ерғалиев бас жүлдені жеңіп алды. Қалған орындарды алматылық Руслан Әбдіразақов  пен қызылордалық Нұрым Сәлімгереев иеленді.   
 Сонымен қатар, Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирлер өтті. Волейболға 7 команда, шағын-футболға 12 команда қатысты.
Волейболдан өткен турнирдің қорытындысы бойынша:
І орын  – Машбек ауылы  (Жаңақорған)
ІІ орын – Бақсайыс (Қызылорда)
ІІІ орын – Әбдіғаппар ауылы (Жаңақорған)
Турнирдің «Үздік ойыншылары» - Абзал Жақыпбаев (Қызылорда), Сабырхан Қойшиев (Жаңақорған), Дархан Оразымбетов (Ақтөбе облысы), Руслан Әбдірейімов (Машбек), Олжас Абайұлы (Жаңарық). 
Шағын-футболдан жарыс қорытындысы бойынша: 
І орын   – «Сығанақ» командасы (Жаңақорған)
ІІ орын – Жайылма ауылы (Жаңақорған)
ІІІ орын – Еңбекші ауылы (Шиелі)
Турнирдің «Үздік ойыншылары» - Өркен Мұзарапов  (Машбек), Досхан Мауленқұлов (Жайылма),  Қанат Рахманбердіұлы (Шиелі), Жайдарлы Матенов (Ақтөбе облысы), Ғалым Рүстемов (Сығанақ).
Жеңімпаз және жүлдегер командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының медаль, грамота және демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
22 қазан 2018 ж. 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930