Бүгін жорамалыңыз не дейді?
(1-7 қараша)
Дос таңдау кезінде сеніміңізден шықпайтын адаммен жолдас болмаған абзал. Өзіңіз сенімсіз болатын уәдеден бас тартқан жөн. Кейбір іске жеті рет өлшеп, бір рет кесетін шешім керек.
Торпақ
Уәдеде тұру – адамдықтың және адами құндылықтарды бағалай білудің белгісі. Достарға берген уәдені орындайтын кез келді.
Егіз
Кішкене мазасызданып, сабырыңыз қашады. Ненің қайдан басталып, қалай аяқталарын білмей дал боласыз. Алайда уақыт өте бәрі орнына келеді. Аптаның соңына қарай көңіліңіз жайланып, бақыт құшағында тербелесіз.
Шаян
Дәл қазір жеке өмірде жіберген қателікпен жұмыс істеген жөн. Сүйіктіңіз алдыңызда иіліп, сізді кешіруге дайын. Екеуіңізге татуласуға ортақ достар көмектеседі. Ақша жағынан қиындық туындауы мүмкін, сол себепті үнемдеңіз.
Арыстан
Апта басы қауырт тірліктермен басталғанмен, ортасына қарай барлығы реттеледі. Қала аралап, қыдырып қайтуға кеңес береміз. Әйтпесе кино көріп, уақытты қызықты өткізуге болады.
Бикеш
Құлағыңызды жағымды жаңалыққа түре жүріңіз, өйткені олар көп болады. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Таразы
Әр асуды бағындырып, қиындықпен күрескен сайын өмірден тәжірибе жинап, қанатыңыз қатая түседі. Сүйген адамыңызға жылы шырай таныта білсеңіз, жеке бас мәселесінде бақытқа қауышасыз.
Сарышаян
Аянбай еңбек етумен немесе жан күйзелісімен келген еңбек оңай олжаға қарағанда әлдеқайда бағалы. Сондықтан сәті түскен әрбір іс үшін қуаныңыз. Алайда тым мақтанып, көтеріліп кетпеңіз.
Мерген
Қарым-қабілетті көрсетудің мүмкіндігі туып тұр. Қызбалыққа салынбай, ақылмен іс атқару қажет. Сонда ғана жетістіктерге жетесіз. Демалыс күнді тазаауада өткізген абзал.
Тауешкі
Жақын уақытта қомақты қаржыға ие болуыңыз мүмкін. Беделіңіздің жоғарылауы да ғажап емес. Сондықтан тағдырдың мұндай үлкен сыйын уыстан шығарып алмауға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Бұл апта сәтті болмақ. Беделіңіз артады. Сонымен қатар материалдық және әлеуметтік жағдайыңыз жақсарады. Қаржылық жағдайға байланысты мәселелер шешімін табады.
Балық
Орын алған жайттың бәрі жақсы болып көрінгенмен, біршама қиындық туады. Ісіңіз ойдағыдай болмауы да мүмкін. Сондықтан ойланып әрекет жасаған абзал.