Тотемдік көзқарас: Неге қасқырдың жүрегіне жерік болған?

Анасы құрсақ көтергенде бірнеше аптадан кейін әлдебір тағамдарға жерік бола бастайды. Бұл ағзадағы дәрумендердің азаюынан екен. Әйелдің жерік асына орай өмірге келетін баланың мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Мұны бұрынғы аңыз-әфсаналардан кездестіруге болады. Ел басқарған хандар мен билердің, ел қамын жеген батырлардың анасы жолбарыстың, аюдың немесе қасқырдың етіне жерік болған деген деректер бар. Жерігін басқан ананың баласы өмірге маңдайы жарқырып, шекесі торсықтай болып келеді деп сенген. Халқымызда «жерік асын жегендей қуанды» деген тіркес осыдан қалса керек. Ал жерік асын жей алмаса, бала әлжуаз, аурушаң, аузы суланып жүреді екен.
Тарихқа үңілсек, Орақ батырдың қаза болғанын пайдаланып, елге жау шабады. Бұл кезде Қарасай – 17-де, Қази –15-те еді. Жауға аттанған колдың тойтара алмайтынына көзі жеткен анасы Қарасайды шакырып алып, кайрапты. Сонда анасының айтқаны:
…Атаңа тартып тумадың, Аюдын етін жегіздің,
Беліңе садақ бумадың, Жолбарыстың сүтін ішкіздің.
Не болды саған, ұлдарым?.. Белден қарға аунатты.
Айналайын Қарасай! Сегіз жылан жеп едім,
Мен саған жерік болғанда, Сөйтіп туған сен едің…
Содан кейін Қарасай мен Қази жас та болса жауға аттанады. Алдында кеткен қол жаудан жасқанып кейін кайтса, кос батыр дұшпанмен шайкасқа кіреді. Жасанған жауға екеуі бірге шауып, ақыры жеңеді. Сан мың калмақтың әскерін кырып, кос батыр елге аман-есен оралады. Бұл Мұрат Мөңкеұлының «Қарасай – Қази» дастанынан үзінді еді.
Ертеде келіннің аяғы ауырласа, абысын-ажын жиналып, құрсақ тойын жасаған. Тойда келіннің аман-есен босанып, қол аяғын бауырына алуына тілек білдірген екен. Қазіргі жерік ас біршама өзгергенін жас аналардың аңсарынан байқауға болады. Бірі балмұздақ, бірі тәтті десе, енді бірі заманға сай суши, KFC сұрап жатады. Байырғы аналарымыздай қасқырдың еті мен аюдың жүрегіне жерік болар әйел жоқ қазір. Майдаланған қазақтың мінезіндей, жерік астың да салмағы «жеңілдеп» бара жатқандай. Танымал этнограф Жағда Бабалықұлы: «Жас келіндеріміздің «жеріктікті» аңсамауының себебі, олардың көңілінде тотемдік көзқарас, белгілі бір халық зиялысына деген «құмарлықтың» жоқтығы», – дейді. Оның айтуынша, қыздарда «шіркін-ай, пәленше сияқты ұл тусам, түгенше сияқты қыз тусам» деген арман саябырсыған. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты перзентті өмірге әкелу құштарлығы кеміген. Шынында, көпке топырақ шашпаймыз. Дегенмен, «бір-екі бала болса» болды деп немесе «баланы өзім үшін туамын» деген ойдағы жастар аз емес. Кезіндегі атаңның баласы болма, адамның баласы бол деген қастерлі сөздің қадірі кеткендей. Мұның арты неге апарып соғарын бәріміз де білеміз. Келешек ұрпақ – адамның һәм қазақтың баласы болсын десек, осы айтылған ойларды жас аналар көкейге түйсе екен.
Думан КЕҢШІЛІК