БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТОРДЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕРІ

Бір оқиғаны айтып берейін. Еуропалық бір ғалым кісі соңғы кездері басы қатты ауыра бастағанын жазады. Біразға дейін мәселенің шешімін таппайды. Күндердің бір күнінде үйіндегі интернет желісін ажыратып тастауға бел буады. Бірнеше күннен кейін басы жазылып, мәселенің шешімі айқын болады. Ғалымның осы дәлелінен кейін халықтың басым көпшілігі ұйықтар алдында ұялы телефон секілді құрылғыларды өшіріп жататын болды. Бірақ бұнымен іс бітпейді. Былтыр Қазақстан және бүкіл ТМД мемлекеттерін дүр сілкіндірген интернеттегі ойынды әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. Баласының телефон ұстағанын қызық көріп, телефондағы ойын уақытын бақылаусыз қалдыруынан бастауыш мектеп жасындағы оқушылар психологиялық соққыға ұшырап, өз-өзіне қол жұмсау фактісі тіркелген. Бұдан шығатын қорытынды әр ата-ана баласының телефондағы өмірінен хабардар болу қажет. Мұнымен қоймай жасөспірімдердің әлеуметтік желілеріне қажетті бұғаттау түрлерін енгізуге міндетті. Рас, телефон, ғаламтор болмаған кезде де адамдар өмір сүрді. Қазірде де өмір сүре алады.
Дамир АМАНГЕЛДІ