» » 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

  "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтальды зонада орналасқандықтан, ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерінде жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Aқмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Aтырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Baq.kz

05 қараша 2018 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930