Бүгін ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады
"Қазгидромет" болжамына сәйкес, 11 қаңтарда атмосфералық ағындарға байланысты ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, тұман, көктайғақ, желмен бірге бұрқасын болады. Солтүстікте қатты бұрқасын болуы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, екпіні 25, кей жерде 30 м/с асды, кей жерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Қарағанды облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, түнде кей жерде 30 м/с асады, бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с аса күтіледі, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын.
Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с асады, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман болады, жел 18-23, Жалаңашкөл ауданында 27 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.