» » Мемлекеттік қызметтің 90% электронды түрде көрсетілетін болады

Мемлекеттік қызметтің 90% электронды түрде көрсетілетін болады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің 78%-ы электронды форматта көрсетіледі және алдағы екі жылда бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Астанада Азия және Тынық мұхит аймағының елдері үшін коррупцияға қарсы бастамалардың қоғамдық парасаттылық желісінің мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кезекті отырысында айтты. Өз сөзінде Агенттік басшысы кәсіби және сыбайлас жемқорлықтан азат мемлекет қалыптастыруда Қазақстанның бірнеше маңызды кезеңнен өткенін атап өтті.  Бүгінде Қазақстан БҰҰ тиісті рейтингінде электронды үкіметті деңгейі жоғары елдердің қатарына кіріп тұр», - дейді Агенттік төрағасы. Қазақстан БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап, ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ыстанбұл іс-қимыл жоспарына қосылған. 2025 жылы Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот төрелігі жөнінде БҰҰ Конгресін өткізуге дайындық жүріп жатыр.
09 қараша 2018 ж. 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031