Қазақ қызы әлем сұлуы атанды
«Miss Asia Global Қазақстан 2018» өңірлік байқауының жеңімпазы Әсем Есенгелдиева «Miss Asia 2018» халықаралық сұлулық байқауында Miss Asia Global атағына ие болды, деп хабарлайды Velada модельдік агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Байқау 2-10 қараша аралығында Үндістанның Кочин қаласында өтті. Бұл отандасымыздың халықаралық байқаулардағы алғашқы жеңісі. Сонымен қатар жерлесіміз «Ең әдемі шаш» номинациясында да жеңіске жетті.
Биылғы жылы аталған байқауға әлемнің 25 мемлекетінен келген арулар қатысты.
«Miss Asia» халықаралық деңгейдегі беделді әрі байқаулардың бірі болып табылады. Ол 1968 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған байқау Азия мен Еуропа мәдениеттерінің арасындағы өзіндік көпір тәрізді.
Әсем халықаралық байқаудың жеңімпаз атағына ие болып қана қоймай, ақша сертификатын алды. Ол өзіне берілген ақшаның бір бөлігін шұғыл отаны қажет ететін жергілікті балаларға беруді жөн көрді.
Әсем Алматыда тұрып, білім алады. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 3-курсында оқиды. Модельдік бизнесте тәжірибесі мол. Velada халықаралық модельдік агенттігінің құрамына кіреді.Түрлі жылдары аудандық және облыстық «Бәрінен де сен сұлу» сұлулық байқауларына қатысқан.
«ТМД аруы» халықаралық сұлулық байқауында «ТМД-ның 1-вице аруы-2018» атағын иеленген.
Әселдің өзі Victoria’s Secret құрамына кіргісі келетінін және сол үшін көп еңбектеніп жүргенін айтады.