«Алтын сапа» сыйлығының иегері анықталды
ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.
Сондай-ақ, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына биыл 153 шағын, орта, ірі бизнес субъектілері іріктеліп алынып, жеңімпаздар анықталды.
Жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталды. Соның ішінде Қызылорданың "Далатекс" ЖШС "Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Биыл үздік кәсіпорын атағы үшін шағын, орта және ірі бизнестің 182 үміткер сайысқа түсті. Лауреаттар «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша анықталды. Нәтижесінде Үкімет басшысы ірі кәсіпкерлік субъектілерден «СемАз» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы), орта кәсіпкерлік субъектілерден «ALUGAL» ЖШС (Алматы облысы), шағын кәсіпкерлік субъектілерден «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-ын (Батыс Қазақстан облысы) марапаттады.
Сондай-ақ «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілерден «Радуга» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы), орта кәсіпкерлік субъектілерден «Бал Текстиль» ЖШС (Түркістан облысы), шағын кәсіпкерлік субъектілерден «Novacom Technology» ЖШС (Жамбыл облысы) жеңіске жетті.
«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілерден «МЫРЗА-ХАН» ЖШС (Астана), орта кәсіпкерлік
субъектілерден «Теміржол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС (Астана), шағын кәсіпкерлік субъектілерден «БиКаДа» ЖШС (Маңғыстау облысы) жеңімпаз деп танылды.
субъектілерден «Теміржол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС (Астана), шағын кәсіпкерлік субъектілерден «БиКаДа» ЖШС (Маңғыстау облысы) жеңімпаз деп танылды.
«Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілерден «Рыбпром» ЖШС (Алматы облысы), орта кәсіпкерлік субъектілерден «Бижан» ет өңдеу кешені» ЖШС (Алматы қ.), шағын кәсіпкерлік субъектілерден «Гормолзавод» ЖШС (Ақмола облысы) үздік шықты.