» » KFC-ден былық шықты

KFC-ден былық шықты

   Сидней (Аустралия) тұрғыны Сара Палмер KFC түскі асында белгісіз нәрсені тапты, - деп хабарлайды news.com.au тілшісі. 26 жастағы аустралиялық әйел тез тамақтану мейрамханасында тауыққа тапсырыс берген. Олардың бірін жеп бітерде ішінен ми қатпарларына ұқса нәрсе тапқан.  Қыз болған оқиғаны Facebook әлеуметтік желісіндегі KFC парақшасында жазып қалдырды. Сондай-ақ жағымсыз нәрсенің суретін де жүктеді. Жазба лезде қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп, 22 мыңнан астам адам пікір қалдырған.  "Мені қате түсініп қалмаңыздар, мен KFC-ді сүйіп жеймін. Бірақ сол күні құсқым келе жаздады. Дәмді шөптер мен дәмдеуіштердің арасында белгісіз затты көргендегі менің жиіркенгенімді көрсеңіздер. Таныстарым өз көзімен көрмейінше мені асыра сілтеп жатыр деп ойлаған", - деп жазған Палмер. KFC-дің тұтынушыларға қызмет көрсету өкілі жауап ретінде қызға ми емес, бүйрек түскенін айтады. Компания қызметкері Сарадан тапсырыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, байланыс телефонын қалдыруды сұрады.

12 желтоқсан 2018 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031