» » Әуежайы «Қорқыт ата»

Әуежайы «Қорқыт ата»

Ai-qap!
Осылайша қазақ тілінің мәртебесін көтереміз деп көшедегі маңдайшаларда грамматикалық қате атау пайда болды. Қала көшелеріндегі дүкеннің өзін санамағанда халықаралық әуежайымыздың атауы анау ғой. Яғни сөз реттілігін сақтап, дұрыс оқығыңыз келсе, алдымен ортасын оқисыз, одан соң басындағы сөзге назар аударасыз. Ал егер маңдайшадағы жазуды орыс тілінде көргіңіз келге, онда соңынан ортасына қарай ығысасыз. Қазақ тіліндегі сөз бірінші тұрғанына бола көз жұмып қарауымыз мүмкін. Алайда көпе-көрінеу қазақ тілінің грамматикасының бұзылуы жүйкеңізге тиеді. Бұған ешқандай кәсіпкердің немесе ғимарат қожайынының қатысы жоқ сірә. Тек не нәрсеге сүйеніп, осылай жазды екен деп еріксіз ойланам. Менің ойымша, бұл қателіктердің барлығы латын қарпіне толыққанды көшкенде шешіледі-ау. Оған да шүкір. Шыдай тұрайық.
                                                                                     Дамир АМАНГЕЛДІ
13 желтоқсан 2018 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031