» » Туған тілді түлетудегі басты қадам

Туған тілді түлетудегі басты қадам

 Елбасы қазақ тілінің жаңа латын қарпін бекітті. Латын әліпбиіне көшеміз дегенде ең бірінші диграфтық нұсқа ұсынылды. Бұл екі әріптің бір ­дыбысты таңбалауы болатын. 
Осыған орай қоғамда қызу пікірталас туындап, мұның тілдік құрылымды бұзатыны, латын қарпіне көшу процесін қиындататыны айтылды. Онан соң апострофпен таңбаланған қаріп нұсқасы шықты. Мұнда үтір әріптің жанында тұрады-дағы, таңбаланғанда қаріп арасы алшақтап, ыңғайсыз бейнеленеді. Қысқасы, қалың жұртшылық диграфты да, апострофты да қабылдай алмады. Мемлекет басшысы елдің пікірін ескеріп, қазақ тіліндегі латын қарпін қабылдауды пысықтауды тапсырды. Міне, кеше Елбасы жұрт күткен, тілдік заңдылықтар сақталған, жалпы халықтың көңілінен шығатын әліпбиге қол қойды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа белес десек, артық айтқандық емес. Өйткені біз осы арқылы әлемдік өркениеттің көшінен қалмай, даму динамикамызға дүмпу қосып, жаңа технологияларды еркін меңгереміз.
Бұрын кириллицада қазақ тілі 42 әріппен таңбаланатын. Ал латын әліпбиіндегі әріп саны – 32. Яғни, жаңа әліпбиде 10 әріп қысқарып тұр. Бұл біздің тілімізге әртүрлі кезеңдерде кірген дыбыстар болатын. Қазақ тілінің  төлтумалығын бұзатын, табиғи қалпын өзгерткен мұндай дыбыстардан дер кезінде арылып отырмыз. Ендігі жерде ана тіліміз өзінің бұрынғы қалпын сақтап, түп негізіне қайта оралатын болды. Таңба қабылданды. Бірақ бұл жұмыс осымен бітті деген сөз емес. Алдағы уақытта тіл мамандарының алдында қыруар шаруа бар. Жаңа әліпби бойынша жасалатын қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын, тілдік құрылым сақталған заңдылықтарды жасауы қажет. Бұл тұста да асықпай, барлық тіл білгірлерінің пікірі ескеріліп барып қана шешім қабылдау – басты шарт. Өйткені оның артында туған тіліміздің тағдыры тұр.
– Қазақ тілін латын қарпіне көшіру бағытындағы ең үлкен қадам жасалды. Ендігі жерде қабылданған жаңа әліпбиді үйреніп, тілдік аямызға енгізіп, кеңінен қолдану әрбір азаматтың парызы деп ойлаймыз.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалы төрағасының орынбасары,
қалалық мәслихат депутаты
26 ақпан 2018 ж. 1 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031