» » Маймылдың арқасында дүниеге сәби келді

Маймылдың арқасында дүниеге сәби келді

   Ұлыбританиядағы Колчестер қаласының хайуанаттар бағында Раджанг атты 50 жастағы орангутан өліп қалды. Ол жергілікті тұрғындардың жақсы көретін жануары болған екен. Тіпті, бір әйел 6 рет түсік тастағаннан кейін маймылдың арқасында сәбилі болғанын айтты.

Нина Мэрстон кезекті рет түсік тастағаннан кейін 2017 жылы зообаққа келген. Ол 6 рет түсік тастағаннан кейін ауруханада ем қабылдап, дұрыс тамақтанып, денсаулығын бақылапты. Ол жетінші рет жүкті болғанда құрбысымен бірге хайуанаттар бағына барған. Себебі маймылдың шыны арқылы ішінен сүйгенін қалапты, деп хабарлайды The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
«Мен 4 жасымнан бастап зообаққа барамын. Раджанг үнемі менің ең жақсы көретін жануарым болды. Бұл жерде мен барлық қиындықты ұмытамын», – дейді ол.
Мэрстонның маймылға жету үшін ұзын-сонар кезекте тұрып, артынша жейдесін көтеріп, маймылға шыны арқылы ішін сүйгізді. Осы кезде ол бақыттан көзіне жас алып, маймылға алғыс білдірді.
Арада бірнеше ай өткеннен кейін Мэрстон қыз баланы дүниеге әкеліп, оған Элизабет деген есім берді.
13 желтоқсанда Раджанг 50 жасында өліп қалған. Зообақ қызметкерлерінің сөзінше, маймыл соңғы бірнеше ай көлемінде өзін күннен-күнге нашар сезіне бастапты. Соңында дәрігерлер дәрі ақрқылы оның тіршілігін тоқтатуды ұйғарған.
Мэрстон бұл хабарды естігенде, қатты мұңайған. Ол Раджангты «зообақтың ажырамас бөлшегі» деп атап, өз қызының маймылды көре алмайтынын ойлап қамығып қалды.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031